Қарағанды және Қостанай облыстары аумағындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды -«Қазақавтожол» РМК

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарағанды және Қостанай облыстары аумағындағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, бүгін сағат 15:00-ден бастап қалың қардың түсуіне байланысты және боранның салдарынан Қарағанды облысы бойынша «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолындағы «Сәтбаев қаласы-Қостанай облысына дейінгі» учаскедегі 24-252 шақырымдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар Қостанай облысындағы боранға байланысты түстен кейін «Екатеринбор-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының «Бирюковка-СҚО-ға дейінгі» аралығындағы 589-729 шақырымында, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының «Әулиекөл-Ақмола облысына дейінгі» учаскенің 103-232 шақырымында, сондай-ақ «Боровской-СҚО» автожолының «Мамлютка-Қостанай» учаскесінің 330-180 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар