Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр, ұйытқыған жел сақталады. Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыстың кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қарағанды және Қостанай облыстарында түнде үсік жүруі ықтимал

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал, Қостанай облысында жер бетінде 1,3 градус суытады.

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.