Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті сөндірілді
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Бадам ауылында дүйсенбі күні 275 гектар ауданның құрғақ шөбі өртеніп, жалын жақын маңдағы 105 гектар аудандағы бидай алқабын да шарпыды.
Өрт облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен - 60 адам мен 7 көліктің күшімен сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, сейсенбі күні Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі (6 адам мен 2 техника) Ұлытау ауданында 160 гектарға жайылған дала өртін ауыздықтады.