Қарағанды жастары жауынгерлердің жарақтарын тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзгі әскерге шақыру науқанын өткізу аясында 31775 әскери бөлімде шақырылу жасындағы жастарға арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әскери өмірді Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық кафедрасының студенттері мен колледж шәкірттерінен құралған 80 оқушы көруге келді. «Мұндай іс-шаралар жастардың қазақстандық қоғамның базалық құндылықтарына құрметпен қарауға қалыптастырады, әскери кәсіп пен қызметтің имиджін арттырады. Әрқайсымыз Отанымыздың болашақ қорғаушысымыз. Бүгін сендер әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайымен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканы өз көздеріңмен көре аласыңдар», - деп 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Маралов.
Іс-шараға сондай-ақ, Қарулы күштер мен соғыс ардагерлері қатысып, жауынгерлік тәжірибелерімен бөлісті және өскелең ұрпаққа алғы сөздерін айтты. «Қарулы күштер шекараның тұтастығын сақтап қалу үшін құрылған. Біз ата-бабаларымыздың өсиетін ұмытпай, бейбітшілікті сақтауға тиіспіз. Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда», - деді сөз соңында Ауғанстандағы ардагерлер мен соғыс мүгедектері одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. Хасенов.