Қарағанды-Жезқазған пойызының жүру кестесі өзгерді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - № 610 Қарағанды-Жезқазған пойызының жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Қарағанды-Жезқазған пойызының жүру кестесі өзгерді

2018 жылғы 18 сәуірде №609/610 Карағанды - Жезқазған бағытындағы әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынасы бойынша жолаушыларды тасымалдау кестесі жаңартылған еді.

Көптеген жолаушылардың өтініштеріне байланысты, 2018 жылғы 6 тамыздан бастап «Қарағанды-Жезқазған» бағытында жүретін пойыздың қозғалыс кестесіне өзгеріс енді.

Пойыздың Қарағандыдан аттанатын уақыты сағат 21:36-дан 18:55-ке ауыстырылды. Жезқазғанға сағат 7:27-де жетеді. Ал пойыздың Жезқазғаннан жол жүру уақыты сағат 21:21-ден 21:10-ға өзгертілді. Пойыз  Қарағандыға таңғы сағат 8:50-де жетеді.

Бұдан бөлек, аралық бекеттердегі пойыздардың тоқтап тұру уақыты азайғандықтан, жолдың жалпы жүру уақыты 13 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқартылды.