11:35, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды жол полициясы басқармасының ғимараты өртенді
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Жұма күні кешкісін Қарағанды қалалық жол полициясы басқармасының ғимараты өрт құшағына оранды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құтқарушылардың ақпараты бойынша, тілсіз жау ғимараттың 3-ші қабатындағы кабинеттердің бірінде тұтанып, 30 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп атап өткен баспасөз қызметі.
Қызыл жалын жарты сағат өткеннен кейін ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 23 маманы мен 6 техникасының күшімен ауыздықталды.