Қарағандыда 1 келіден астам марихуананы сатпақ болған 45 жастағы азамат құрықталды
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Қарағандыда 1 келіден астам марихуананы сатпақ болған 45 жастағы азамат құрықталды,
деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Оны құрықтауға «Жедел сатып алу» арнайы жедел-іздестіру операциясын жүзеге асыру кезінде мүмкін болды.
«ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері 45 жастағы қарағандылық азаматты құрықтады, оған тиесілі «Мерседес-Бенц» автокөлігінің артқы отырғышынан полицейлер салмағы 1 келі 503,20 грамм болатын кептірілген марихуана есірткісін тапты», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Анықталғандай, есірткіні ол 29 жастағы жігітке сатпақ болған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты «Аса ірі көлемде есірткі сату» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - дейді баспасөз қызметі.