Қарағандыда 10 жыл бұрын Елбасы сыйға тартқан томограф қайта жөнделіп, іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық мамандар 2007 жылы Мемлкет басшысы сыйлаған магнитті-резонансты томографты қайта іске қосты.
Ол кезде бұл ЯМРТ аппараты Қазақстандағы алғашқылардың бірі болған еді.
Томографты мемлекеттік-жекешелік бағдарламасы бойынша жөндеу мүмкін болды. Оған «Шипагер» ЖО қызметкерлері атсалысты, деп хабарлайдыkaraganda-region.gov.kz .
- Өткен жылы томограф істен шыққан болатын, - деді компания директоры Денис Подгайнов. - Бұл «Siemens» фирмасының аппараты. Бүгінгі таңда нарықта осы секілді құрылғыларды жөндеу өте қымбат. Бізде осы секілді жабдықты жөндеу және жеткізу тәжірибесі, өзіміздің қызмет орталығымыз болғандықтан бұл жөндеу жұмыстары біз үшін арзанға түсті.
Томограф екі апта бұрын қайта іске қосылды. Сол уақыт аралығында ол арқылы 300-ге жуық адам зерттеуден өтіп үлгерген. Аталмыш аппараттың 10 жылдық қызметі барысында дәрігерлер Қарағанды облысының 30 мыңнан астам тұрғындарына диагноз қойып үлгерген.
- Томографтың шыққан мерзімі, оның жұмыс сапасына әсер етпейді, - деп түсіндірді Денис Подгайнов. - Онда тұрақты магнит орнатылған. Ол 30 жыл аралығында магнит өрісін сақтап тұрады. Сондықтан кескінде ешқандай ақау болмайды.
Қазір қайта қалпына келтірілген МРТ аппараты Оңтүстік-Шығыс шағынауданындағы №5 емханада науқастарды зерттеу үшін қолданысқа берілген.