Қарағандыда 11 жастағы бала өліміне қатысты күдікті тұтқындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен 20 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотынан.

Қарағандыда 11 жастағы бала өліміне қатысты күдікті тұтқындалды

«Сот шешімімен күдікті 2 айға тұтқындалды. Мерзім оның ұсталған уақытынан, яғни 26 қыркүйектен басталады», - деді Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева.

Облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланғандай, 26 қыркүйекте Қарағандыда 11 жастағы Леон Серікбаевтың өлі денесі табылды. Сезікті ретінде Жаңаарқа ауданының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны, өлген баланың анасының туысы ұсталды.

«Ол пәтерден тонды ұрлап, баланы өзімен бірге алып кеткенін мойындады. Кейін балаға пышақ сұғып, буындырып өлтірген. Кейін оның жансыз денесін шұңқырға лақтырып жіберген», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, күдікті ұрлаған құндыз тонды ломбардқа 60 мың теңгеге тапсырған.