Қарағандыда 14 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде. Оның мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда 14 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Іс-шара аясында Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өткен тәулікте Қарағандыда мас күйінде көлік құралын басқарған 14 жүргізуші анықталды.

Ұсталғандардың барлығына әкімшілік хаттама толтырылды.

«Өткен жылы облыста мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 14 адам түрлі жарақат алған.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-шы бабына сәйкес жүрушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін, сол жарқын көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыруға әкімшілік жауапкершілікті қарастырады», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Ол мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен кауіп төндіретінін ескере отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де заңды бұзбауға шақырды.