Қарағандыда 144 көпқабатты үйге жылу беру мөлшері азайтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының шағынаудандарының 32 нысаны мен 144 көпқабатты үйіне жылу беру жүйесі жылу магистралінің құбыр желісінен ақау табылуына байланысты төменгі режімге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың 20 желтоқсанында сағат 11-ден 7 минут кеткенде Оңтүстік-Шығыс автостанциясы ауданындағы жылу магистралі құбыр желісінің 700 мм-лік участогынан ақау анықталған. Аталмыш құбыр желісін 2019 жылы реконструкциялау жоспарланған болатын. Сағат 11.31 шамасында жедел түрде ақау табылған участок өшіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жылу берудің төмендетілген режіміне 30, МЖК, Степной-1, 2, 3, 4 аудандарындағы 144 көпқабатты үйі мен 32 нысаны ауыстырылды.

Ақау табылған учаскені ретке келтіру үшін 18 адам мен қажетті құрылғылармен жарақтандырылған 8 арнайы техника және 3 апаттық-қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды.

«Жылумен қамтамасыз ету бойынша қызмет кемшілігі тіркелген кезеңде жылу энергиясын пайдалау ережесіне сәйкес түзету жұмыстары жүгізіледі», - деп хабарлады «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС орталық диспетчерлік қызметінен.

Автор:

Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар
telegram