Қарағандыда 3 млн. теңгеден астам ақшаны жымқырған ұрылар ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және ішкі істер департаменті қылмыстық полициясының қызметкерлері қымбат көліктерден қол сөмкелерді ұрлаумен айналысуды кәсіп еткен екі жас жігітті ұстады,
деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Өз құрбандарын ұрылар банктердің жанында аңдитын болған. Одан кейін қолайлы сәтті күтіп тұрып, автокөлік иесі шаруасымен шығып кеткен кезде іске кіріскен», - деп сипаттап берді қылмыстық әрекетті ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Олардың құрбандарының бірі ЖШС директоры болған. «Тойота-Прадо» автокөлігін үйдің жанына не бәрі 10-15 минөтке қалдырып кеткен кезде сол жақ қапталдағы әйнекті сындырып одан 3 150 000 теңге сома ақша және ЖШС құжаттары салынған сөмкені ұрлап кеткен.
Полицейлер ұрыларды үш күннен кейін ұстады. Олар 20 және 23 жастағы Қарағандының тұрғындары болып шықты.