Қарағандыда 300 ағаш отырғызылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда күзгі ағаш отырғызу аяқталды. Күз бойы 300 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күзгі ағаш отырғызу Қарағандының екі саябағында - Орталық және Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы саябақтарда жүргізілді. Қыркүйектің басынан бері мұнда 300-ге жуық көшет отырғызылды, оның ішінде жапырақты (үйеңкі, жөке, қайың) және қылқанды (қарағай) ағаштары бар.
«Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқару» ҚМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, көгалдандыру үшін жергілікті тәлімбақтарда өсірілген көшеттер таңдалды. Қысқы уақытта оларға ерекше күтім қажет емес, себебі олардың діңгектеріндегі шырын қозғалысы тоқтап тұрады. Алайда, күн жылынып, келесі суынғанға дейін оларды аптасына екі рет суғару керек.
Еске салайық, Қарағанды орталық саябағында күзгі ағаш отырғызу қазанның басында басталған еді. 