Қарағандыда 4 қабатты тұрғын үйде газ жарылды, 18 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 5-уі жарақаттанды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 04.51-де Қарағандыда Бұхар жырау даңғылы бойындағы 4 қабатты үйде ауа-газ қоспасы жарылып, 1 қабаттағы пәтер өртенді.

Қарағандыда 4 қабатты тұрғын үйде газ жарылды, 18 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 5-уі жарақаттанды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт салдарынан 1,17,18,29 пәтерде құрылыс құрылғылары құлады.

 Өрт толығымен 1 сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 46 адамы мен 9 техникасы және ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 35 шаршы метрді құрады. 18 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күйік шалған 5 адам ауруханаға жеткізілді.