14:57, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қарағандыда 4 жасар бала мен бойжеткен пойыз астына түсіп қалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 17 жасар бойжеткен пойыз астына түсіп, қаза тапты, 4 жасар бала зардап шекті, деп хабарлады ҚО ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдай 2 қаңтарда Жаңа Қарағанды - Қарағанды-Сортировочная стансасында орын алды. Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмағандар темір жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтіп кетпекші болған.
«Орынды тексеру барысында 1998 жылғы бойжеткен ауыр жарақат алып қаза тапқаны анықталды. Оның жанындағы бала жарақаттармен Қарағанды қаласының қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Туыстарының айтуынша, екеуі Қарағанды циркіне бара жатқан. Олар Майқұдық стансасынан электр пойызына отыруы қажет еді.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлімі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.