Қарағандыда 47 ауыл мен ауданның өз бюджеті болады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті 47 елді мекенде мақұлданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Енді тұрғындар саны екі мыңнан асатын 47 ауыл мен ауданның өз бюджеттері болады. Мұндай өзгеріс 1 қаңтардан бастап енгізіліп отыр.
«Жергілікті басқарудың қаржылық дербестігі үшін ауыл бюджетіне 7 салықтық және салықтық емес түсімдер берілді. Аталған қаржы есебінен білім, әлеуметтік көмек, ТҮКШ, мәдениет, спорт, жол сияқты 19 бағыт бойынша шығындар қаржыландырылады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік қызметкерлер «Бюджеттік процестер» курсында мемлекеттік қаржыны дұрыс жұмсауды үйренді.
«Жергілікті әкімдер бюджетті уақытылы және толық игеру бойынша жауап беретін болады, оның ішіне жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті де кіреді»,-деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.