Қарағандыда 54 жастағы әйелдің пәтерінен 1 келіден астам героин табылды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандыда 54 жастағы әйелдің пәтерінен 1 келіден астам героин есірткісі табылды.  

Қарағандыда 54 жастағы әйелдің пәтерінен 1 келіден астам героин табылды

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, есірткіні құқық қорғау органы қызметкерлері сот санкциясы негізінде аталмыш азаматшаның пәтерін тінту кезінде тапты. Арнайы пакетке салынған 1 келі 199 грамм героин әйелдің жатын бөлмесіндегі шкафтан шықты. Қазір ол қамауға алынып, факті бойынша қылмыстық іс қозғалуда.