11:08, 21 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Қарағандыда 57 адам екі қабатты ғимарат шатырынан шыққан өртті сөндірді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында бүгін таңертеңгі сағат 05:00-де жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталды. Тілсіз жауға тосқауыл қоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша жеке құрамының 57 адамы және өрт сөндіру қызметінің 17 техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.