Қарағандыда 6 жасқа дейінгі балалар робототехникадан жарысуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында робототехника бойынша аймақтық сайыстар басталды. Жыл өткен сайын олардың ауқымы мен деңгейі өсіп келеді. Сайысқа түсу бағдарламасы күрделеніп, бәсекелестік артуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандары мен Теміртауда жас робототехниктер сайысы өтіп үлгерді. Ақпанның ортасына дейін байқаулар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Ең үздік командалар 29-30 наурызда Қарағандыда ұйымдастырылатын «ROBOLAND-2019» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың V Халықаралық фестивалінде өнер көрсететін болады.

nullОблыста білім беру робототехникасын дамыту балалардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды. Көптеген қалалар мен аудандарда сайысқа қатысушылар саны бірнеше есе артты. null

«RoboKRG» робототехника бойынша қалалық сайысты төртінші рет өткізіп отырмыз. Биылғы жылы 57 оқу ұйымынан 178 команда қатысып отыр, барлығы 370 оқушы. Төрт жылда қатысушылар саны 4 есе артты. Бүгінгі таңда конструкторлық жинақтар қаланың барлық мектептерінде бар. Ал 33 мектеп робототехника зертханаларымен жабдықталған. Робототехника жуырда ғана дами бастағанына қарамастан, біздің балалар қазірдің өзінде халықаралық байқауларда сәтті өнер көрсетуде», - дейді Қарағанды қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Наталья Головина.null

Биылғы жылы қала мектептерінде 13 ІТ-сынып ашылды. Балалар және жасөспірімдер сарайында технопарк пайда болды. Осының барлығы техникалық шығармашылықтың шекарасын кеңейтуде.null

Қатысушылар саны артқандықтан Қарағандыдағы сайыс бағдарламасы екі күнге бөлінді. Сайыстар 13 санат бойынша өткізіледі. Алғаш рет конкурсқа 6 жасқа дейінгі балалар қатысады.

Соңғы жаңалықтар