Қарағандыда 7 жасар бала із-түзсіз кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында мектептен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 7 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда 7 жасар бала із-түзсіз кетті

«Розыск.кз» қоғамдық қозғалысының еріктілері хабарлағандай, бала психикалық ауытқудан зардап шегеді, оның сөйлеу тілі жақсы дамымаған. «7 қыркүйекте Расул Бакибаев №1 мектеп-интернаттан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған», - дейді волонтерлар.

Жоғалған баланың бойы 140-150 см, дене бітімі орташа. Оның үстінде көк футболк, қара шолақ шалбар, аяғында шәркей болған.

Еріктілер бала туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерден  8 775 552-96-66 немесе «102» телефондарына хабарласуын сұрайды.