Қарағандыда 7 жасар бала өртте қаза тапты
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 7 жасар бала мерт болды,
деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт дүйсенбі, сәуірдің 12-сі күні 15 сағат 52 минутта Қазыбек би ауданы Ермеков көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдің жетінші қабатында шыққан. 15 шаршы метрге жайылған жалынды сөндіру барысында 2003 жылы туылған баланың денесі табылды.
Тілсіз жау ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 26 адамы мен жеті техникасының күшімен 38 минутта ауыздықталды.