Қарағандыда 9 мамырда Жаужүрек полкі шеруі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Жеңіс күнін мерекелеу аясында дәстүрлі Жаужүрек полкі шеруі өткізіледі. Былтыр шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.
Алдын ала есептеулер бойынша биыл олардың саны 10 мыңға жетуі мүмкін, деп хабарлайды өңір басшысының рсеми сайты.
Акция майданда қан төккен, тылда еңбек еткен немесе сұрапыл соғыс жылдарын басынан өткерген жақындарымызды еске алуға бағытталған.
Шеру қаладағы Гоголь көшесінен басталып, «Арман» боулингі арқылы Мәңгілік алау мемориалына дейін жүріп өтеді. Шара соңында салтанатты митинг пен гүл қою рәсімі ұйымдастырылады.