Қарағандыда «Абай» шахтасындағы апатты жоюға қатысқандар марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» ЖШС аймақтық филиалында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері марапатталды. Осы жылдың 7 қарашасында болған «Абай» шахтасындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар да марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда «Абай» шахтасындағы апатты жоюға қатысқандар марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 15 тау-кен құтқарушысы мен шахтаның екі қызметкері марапатталды.

Марапаттарды Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Бас директоры Владимир Беккер тапсырды.

«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісіне келесі қызметкерлер ие болды:

- Наталья Денищук, «Абай» шахтасының техникалық қызметінің желдету учаскесі мен қауіпсіздік техникасын газбен бақылау аппаратурасының диспетчері;

- Махаммадисмаил Мадмаров, «Абай» шахтасының №1 дайындық жұмыстары жер асты учаскесінің электр слесарі;

- Мұрат Әзімбаев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары;

- Әсет Жақан, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;

- Талғат Нұрмағамбетов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;

- Арман Сақбасынов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;

- Олег Стрижаков, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары.

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі келесі қызметкерлерге табысталды:

- Владимир Брага, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының командирі;;

- Дидар Әлнұров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;;

- Дмитрий Храмшин, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.

«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталғандар:

- Нариман Әбішев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;;

- Нұржан Әліқайдаров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы бөлімшесінің командирі;

- Әлібек Асқаров, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;

- Ерік Ескендір, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взводының командирі;

- Юрий Коровин, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағы взвод командирінің орынбасары.

«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:

- Андрей Андреев, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;

- Қайрат Байманов, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.