Қарағандыда Абайдың 175 жылдығына арналған концерт өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 10 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің өнер кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандылықтар үшін Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», Абайдың ариясы және т. б. шығармалары орындалатын болады.
Дирижерлер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Сондай-ақ, 13 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Тәуелсіздік күніне орай «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді.
Музыканттар Нұрғиса Тілендиевтің «Шаңырақ жорық», «Өз елім», Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» және т. б. патриоттық шығармаларын орындайды.
Солистер: Ержан Базарбеков, Гүлмира Тапай, Медет Осатаев, Төлеген Сармутдинов, Рысты Рахымжан, Қуат Дүйсенов және Ершат Қонақбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
