Қарағандыда Абайдың 175 жылдығына орай концерт өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 10 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің өнер кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандылықтар үшін Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», Абайдың ариясы және т. б. шығармалары орындалатын болады. Басталуы сағат 18:30.
Дирижерлер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Сондай-ақ, 13 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Тәуелсіздік күніне орай «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді. Басталуы сағат 17:00.
Музыканттар Нұрғиса Тілендиевтің «Шаңырақ жорық», «Өз елім», Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» және т. б. патриоттық шығармаларын орындайды.
Солистер: Ержан Базарбеков, Гүлмира Тапай, Медет Осатаев, Төлеген Сармутдинов, Рысты Рахымжан, Қуат Дүйсенов және Ершат Қонақбаев. Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.