Қарағандыда адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда адамды қағып кеткен автобус жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін

Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, адам өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Автобус жүргізушісіне қатысты ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қаңтарда қалалық автобус жүргізушісі 62 жастағы әйелді жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды.