Қарағандыда ағаш өңдейтін цех өртеніп кетті, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
ҚАРАҒАНДЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда ағаш өңдейтін цех өртеніп кетті, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Оның хабарлауынша, өрт түнгі 12 кезінде болды. Оны ауыздықтауға төрт сағатқа жуық уақыт кетті.
«Кезекші өрт сөндірушілер келгенше өрт цехтың 300 шаршы метрін алып жатты. Шатырдың ағаш қаптамалары, ағаш үгінділері, орман материалдары мен 4 станок жанып жатты», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілердің 6 бірлік техникасы мен 25 қызметкер тартылды.
«Өрт себептері мен келтірілген шығын анықталуда», - деп жазады баспасөз қызметі.