Қарағандыда арзан көкөніс сататын ірі орталық ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеншілер қаласында «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының аясында еліміздегі ең ірі заманауи бөлшек сауда-үйлестіру орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Орталықтың жалпы аумағы 60 гектар. Онда еліміздегі «Солтүстік-Оңтүстік» бағытынан келетін ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Шаруалар өз өнімдерін делдарсыз саудалайды, ал қарағандылықтар жыл бойы көкөністі арзан бағамен сатып алады. Құрылыстың бірінші кезеңіне 10,5 млрд теңге жұмсалады.

«Президент тапсырмасы бойынша және мемлекеттік қолдау арқылы Қарағандыда бөлшек сауда-үйлестіру орталығы құрылысының жобасы іске асырылып жатыр. Мұнда қойма логистикасы және онлайн-операциялардың ең соңғы технологиялары қолданылады. Құрылыстың бірінші кезеңін биыл жазда аяқтау көзделіп отыр. Екінші кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары жолға қойылады», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.

Кешеннің ерекшелігі жабық павильондарда бір мезетте 164 жүк көлігін сыйдыра алады. Ал орталықтың барлық ғимараттарына таза ауа алмастырылып, орталықтан жылытылады. Мұнда қойма терминалдары, климаттық және құрғақ қоймалар, түрлі температуралық режимдері бар камералар тұрғызылған. Бұдан басқа, аумақта кеден аймағы мен қонақ үй кешені салынады.
null

«Біз «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының құралдарын. Несие субсидияланады. Мұнда барлық қажетті коммуникациялар, соның ішінде теміржол да салынған», - деп атап өтті «Әлфарух» компаниясының коммерциялық директоры Наиль Мұнасипов.
Шаруалар мен сатып алушыларға қолайлы болу үшін «Цифрлық Қазақстан» сауда электрондық алаңы іске қосылды. Бұл жүйе сауданы онлайнда жүргізуге мүмкіндік береді.
null

Инвестициялық жобаның арқасында 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Болашақта бұл көрсеткіш 5 мыңға дейін өседі.

null

Соңғы жаңалықтар