Қарағандыда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 9 наурыз күні Қарағанды қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басқа қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалмайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.