Қарағандыда аулалардағы спорт алаңдарында жаттықтырушылар жұмыс істейді
«Біз облысымыздың қалалары мен ауылдарында спорттық алаңдарды жабдықтаймыз. Олардың ашылу салтанаттарына жаттықтыру құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсететін спортшыларды шақыртамыз. Алайда, тәжірибе көрсетіп тұрғандай, жабдықтар құр босқа тұрады. Жастарды жұмылдырып, оларға бағыт беру қажет. Сондықтан біз бұл алаңдарға жаттықтырушыларды, әдіскерлер мен аула клубтарының өкілдерін жұмылдыруды жөн көрдік. Спорт алаңдарына кешкі уақыттарда шығып, балаларды жинап, оларға жаттығулар қалай жасалатынын үйрететін адамдар қажет. Біз бұл бағытта белсенді жұмыстарды жоспарлап отырмыз», - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі.
Бұған қоса, Дмитрий Карповтың айтуынша, 2019-шы жылы облыста 8 мыңнан астам спорттық-бұқаралық шаралар өтеді. Триатлон бойынша екінші чемпионат, өткен жылғыдай Қарағанды қаласының орталық көшелерінде өтетін сертификатталған трасса бойынша жартылай марафон ұйымдастырылады.
Өңірде алғаш рет отбасыларға арналған аралас эстафета өтеді, онда жүгіру және велокросс спорты қарастырылған. Аталмыш шара ағымдағы жылдың маусымында өтеді деп жоспарлануда.