Қарағандыда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Mercedes-Benz жеңіл көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қарағандыда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, төртеуі жапа шекті

Жол апаты сенбі, 29 қазан күні таңертең  «Көгілдір тоған» шағынауданында орын алды.

 

«Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 35 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобусқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан  шетел көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты. Осы автокөліктің  4 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Тиісті сараптамалар тағайындалды.

#ДТП на Сырдарье #Майкудук #Караганда ( Видео от @nadezha_viktorovna )

Видео опубликовано ekaraganda.kz (@ekaraganda.kz) Окт 28 2016 в 7:53 PDT