Қарағандыда автомобиль өртенген кезде 4 жасар бала қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Wolksvagen transporler» көлігі өртенген кезде 4 жасар бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Апат 2 қыркүйекте Мұқанов көшесінде орын алды. Өрт сөндірушілер хабарлама алысымен оқиға орнына бірден келді. «Құтқарушылар келген кезде 10 шаршы метр алаңында көліктің ішкі қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Салоннан 4 жасар бала табылды».
Өртті ауыздықталғаннан кейін баланың қайтыс болғаны анықталды. Өрттің шығу себебі тексерілуде.