Қарағандыда Азиада алауына арналған ән жазылды

ҚАРАҒАНДЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда Азиада алауына арналған ән жазылды. Оның авторы - Саран қаласының прокуроры Берік Ахметжанов пен кәсіби орындаушы және композитор Марат Бекішев. Бұл туралы Алау эстафетасын өткізу штабынан хабарлады.

Қарағандыда Азиада  алауына арналған  ән   жазылды

«Бұл қарағандылықтардың Азиадаға арнаған тартуы. Басқа өңірлердің ішінде тек Ақтауда ғана Азиадаға ән арналғанын біз білеміз. Азиада әнұранынан басқа, бұл байрақты бәсекеге арналған басқа ән жоқ», - деді республикалық штабтың өкілі, облыстық спорт басқармасының міндетін атқарушы Тастанбек Есентаев.

«Азиада алауы» әні 28 қаңтар күні, Қарағанды облысы Алау эстафетасын қабылдаған күні болатын концертте орындалады.

Ән сөзінің тең авторы, пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері, ардагерлер арасында Азия чемпионы, прокурор Б.Ахметжанов Алау эстафетасына қатысады.

Жетінші қысқы Азиялық ойындар 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Астана мен Алматыда өтеді.