Қарағандыда азық-түлік дүкені өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда минимаркет өртенді. Өрт себебі электр сымдарының тұйықталуынан деп болжанып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«15 қаңтар күні таңғы 08:21-де Қарағандының Октябрь ауданындағы Медицинская көшесінде «Рахима» минимаркеті өртенді деген ақпарат келіп түсті. Дүкен төбесіндегі ағаш торлама өртеніп, 150 шаршы метр аумақты от шарпыған. Оны сөндіруге облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамынан 28 адам мен 5 техника жіберілді», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Олардың күшімен өрт 08:56-да тоқтатылып, 09:05-те сөндірілді.

«Бастапқы болжам бойынша, электр сымдарының жүйесі қысқа тұйықталуға түскен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - деді Н. Нұрахметов.

Соңғы жаңалықтар