Қарағандыда азық-түліктер төмендетілген бағамен сатылатын әлеуметтік павильондар ашылды
ҚАРАҒАНДА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне орай жаңа сауда стандартымен және бірегей баға саясатымен 20 әлеуметтік павильон ашылды,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Оған 100-ден астам азық-түлік түрлері қойылған, оның ішінде базардың бағасынан 40 пайызға төмен 18 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бар», - делінген хабарламада.
«Әлеуметтік павильондардың жұмысын «Арқа» басқарушы инвестициялық компания» АҚ ұйымдастырды. Арнайы бірлескен кәсіпорын - «Арқа-Изобилие» орталықтандырылған өндірістік-бөлшектік компания» ЖШС құрылды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кәсіпорында 160 жұмыс орны құрылған. Компания әлеуметтік павильондар жүйесін кеңейтуді жоспарлауда.
«Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында облыс орталығында қосымша 17 орында азық-түлік саудасы, ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.