Қарағандыда балалардың пәтерде қамалып қалу оқиғасы жиілеп кеткен
Оқиға Қарағандыда Язев көшесінде болған. Анасы кіреберіске шыққанда баласы есікті ішкі жағынан құлыптап қойған. Сосын бала есікті өзі аша алмағандықтан әйел құтқару қызметін шақырды.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Олар пәтерге балконның терезесінен автобаспалдақ арқылы кірді.
Тағы бір оқиға 12 мамырда Гапеев көшесінде болған. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін көрші шақырды. Құтқарушылар автобаспалдақтың көмегімен балконға көтеріліп, есікті ашып, қызды үйге кіргізген. Ал, пәтерде бұл кезде үш жасар бала болған.
Құтқарушылар мұндай оқиғаның жиі кездесетінін айтады.
«Балалар есіктің артында қалатын жағдайлар жетерлік. Пәтерден шыққыңыз келсе, есік жабылмас үшін барлық шараларды қабылдауыңыз керек», - дейді Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған жасақтың бастығы Дмитрий Васьковский .
Барлық құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, балалар ата-анасымен аман-есен қауышты.
Жыл басынан бері осындай 186 құтқару операциясы өткізілген, соның арқасында 204 адам құтқарылды, оның ішінде 78 бала бар.