Қарағандыда белгісіз азамат 2 адамды оқпен жарақаттап, қашып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда белгісіз біреу екі адамға оқ атып, жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін үш ер адам арасында сөзге келіспеушілік болып, арты оқ атумен аяқталған. Белгісіз біреу екі адамды оқпен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен. Задап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдікті іздестірілуде», - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы «қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары және күдіктігі ұстау жұмыстары жалғасуда.