Қарағандыда белгісіз үшеу полиция қызметкеріне шабуыл жасады

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - 12 шілде күні шамамен сағат 20.30-да ІІД Жедел басқару орталығының жедел уәкілі Қарағанды қаласының Майқұдық ауданында орналасқан мешіт жанында бейнекамера бойынша 3 белгісіз адамның полиция қызметкерін

Қарағандыда белгісіз үшеу полиция қызметкеріне шабуыл жасады

ұрып жатқанын байқаған. Оқиға орнына тезарада жақында жүрген полиция наряды жіберілді. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Автопатрульдің экипажы 26, 27 және 38 жастардағы Қарағанды қаласының тұрғындарын ұстады. Олардың біреуі бұған дейін есірткі сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылған, екеуі - әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазаланған. Оларды ұстау кезінде күдіктілер қарсылық танытқан, соған байланысты полиция қызметкерлері арнайы құрылғыларды қолданды.

Тексеру барысында анықталғандай, Қарағанды қаласы ІІБ патрульдік полиция полкінің қызметкері, полиция сержанты Жұмабеков Бауыржан жұмыстан кейін үйіне қайтып бара жатқан. Ол көлікке отырмақ болғанда, ішімдікке тойған белгісіз біреулер оны балағаттап, шабуыл жасаған. Төбелес кезінде полиция қызметкеріне дене жарақаттарын салып, киімдерін жыртып тастаған.

Қазіргі уақытта билік өкіліне қарсылық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.