Қарағандыда бес қабатты үйде газ баллоны жарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы, Жекебаев көшесіндегі 143 үйде газ жарылғандығы жөніндегі суыт хабар ТЖД «112» телефонына 17:13-те түскен.
None
None

Жарылыс бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелік пәтерде болған.

Оқиға орнына шұғыл жеткендер газбен қамту орталықтандырылғанын анықтады. Жарылыс салдарынан 2 және 3 пәтер аралығындағы бөлмеаралық қабырға жарым-жартылай қираған.

Апатты жою жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД 12 адамы мен 4 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум