Қарағандыда білімнің сандық жүйесіне көшу мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда «Білімнің сандық жүйеге ауысуы: болашақ құзыреті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда білімнің сандық жүйесіне көшу мәселелері талқыланды

Аталмыш шара 30-шы наурызда ашылу салтанаты өтетін IV халықаралық «RoboLand 2018» фестивалі қарсаңында ұйымдастырылды. Талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының өкілдері, ұстаздар қатысты. Дөңгелек үстелді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды.

«Сандық жүйеге көшу, технологияларды, робототехниканы, оның қатарында білім беру робототехникасын дамыту әсіресе Елбасы белгілеген бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру барысында үлкен маңызға ие. Осымен төртінші рет өткізіліп отырған «RoboLand» фестивалі тек Қарағанды облысы үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін үкен оқиға», - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрллігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Оның айтуынша, білім беру робототехникасы ерекше өзекті педагогикалық технологияны ұсынады.

«Біз үшін ол жаңа, дегенмен бір мезгілде балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытудағы әлеуетті бағыт. Бұл білім берудің инновациялық технологиялары білімді біріктіріп, әртүрлі жастағы балаларды бірлескен іскерлікке жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, білім беру робототехникасы жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттырады Дөңгелек үстелге қатысушылар балабақшадан бастап білім саласында сандық технологияларды қолдану мәселелерінің өзектілігін талқылады. Мысалы, жуырда ашылған «Одарешка» жекеменшік балабақшасында робототехника кабинеті бар, онда балалар құрастырумен айналысады», - деп атап өтті Раиса Шер.

Балабақша өкілдерінің айтуынша, балалар мен ата-аналар үшін робототехника ұнайды. 30-шы наурызда Roboland-2018 фестивалінде алғаш рет балабақша тәлімгерлері сайысқа түседі.

«Премьер-министрдің орынбасарының тапсырмасы бойынша 2-ші наурызда Білім және ғылым министрлігінде робототехниканы дамыту мәселелері бойынша республикалық үйлестіру кеңесі құрылған болатын», - деп мәлімдеді Раиса Шер.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов басқарған үйлестіру кеңесінің құрамына 40 адам енеді. Олардың қатарында - мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар қоғамы мен ғалымдар бар. Сонымен қатар Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2018-ші жылы робототехника бойынша халықаралық, республикалық және аймақтық сайыстар өткізу бойынша Жол картасы құрылып бекітілген.