Қарағандыда бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауа райының күрт өзгеруі, көлік жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы салдарынан 13 наурыз күні сағат таңғы сағат 8.00 мен 19.00 аралығында Қарағанды қаласында 24 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
«Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік жүргізушілерден күн райына байланысты жылдамдықты шектен тыс асырмауларын, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.