Қарағандыда бір күнде екі бала мен екі ересек кісі көлік астына түсіп қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бір күнде жаяу жүргіншілердің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда бір күнде екі бала мен екі ересек кісі көлік астына түсіп қалды

2 ақпан сағат 11.35 шамасында Toyota автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Гоголь көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 59 жастағы әйелді қағып кетті. Салдарынан әйел жарақат алды.

Сол күні 13.50 шамасында қала мектептерінің бірінің жанында 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes маркалы автокөлік реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кетті.

Дәл осы күні тағы бір жүргізуші баланы қағып кетті. Шамамен 15.30-да 38 жастағы Chevrolet жүргізушісі 8 жасар баланы қағып кеткен.

Бала бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен.

Ал 19 жастағы жас жігіт бағдаршамның жасыл сигналына өткеніне қарамастан, оны шамамен 16.50-де Молоков көшесінің бойында 48 жастағы Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Барлық жағдайда жаяу жүргіншілер әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Фактілер полицияда тіркелген.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

«Біз жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы өтініш білдіреміз және барынша мұқият және сақ болуға шақырамыз. Жүргізушілерге ЖКО болдырмау үшін ауа райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауға, белгіленген қашықтықты сақтауға кеңес береміз. Сондай-ақ, маневр жасау ережелерін бұзбаңыздар дегіміз келеді. Жол беруді қажет ететін жаяу жүргіншілер туралы ұмытпаңыздар. Жаяу жүргіншілерге қыстың басталуымен жүргізушілерге көлік құралын басқару қиынға соғатынын еске саламыз және келе жатқан көліктің алдында жолдан өтпеулерін өтінеміз. Себебә қыз айларында автокөлік бірден тоқтай алмайды», - дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.