Қарағандыда бір түнде 30-ға жуық көліктің доңғалағын жарып кеткен

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бұзақылар 25 автомобильдің шинасын жарып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда бір түнде 30-ға жуық көліктің доңғалағын жарып кеткен

Белгісіз біреулер түнде кейбір машиналардың бір доңғалағын жарған, кейбіреулерінің екеуін, үшеуін, енді біреулерінің төрт доңғалағын түгел жаңарту керек. Жаппай бөтеннің мүлкіне зиян келтіру фактісі Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында болды. 

Оқиға жайлы полицияға шағымданған көлік иелері түрлі пікірлер айтып жатыр. Біреу доңғалақ жөндеу салондарына клиент тарту мақсатында жасалған десе, енді біреулер еріккен бұзақылық әрекет деп бағалап отыр.

Бұзақылық болған жердегі үйдің айналасына бейнебақылау камералары қойылмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқашта 50 шақты машинаның баллоны жарып кеткен. Осы факті бойынша екі бұзақы ұсталған болатын.