Қарағандыда биыл оныншы рет өткен «Мерейлі отбасы» қалалық байқауына 8 отбасы қатысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық «Мерейлі отбасы» байқауына биыл 8 отбасы қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отбасы – адам үшін жағымды өнегелер мен мұралардың, салт-дәстүрдің сақтаушысы болып саналатын ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Мерейлі отбасы» байқауына биыл 10 жыл толып отыр.

Байқау шарттары бойынша әр отбасы өздерінің күнделікті отбасылық өмірі жөнінде бейнероликтер және портфолио тапсырды.

Барлық отбасылар - өңірімізге өнерлі, өнегелі, ұлағатты ырысы мен ынтымағы жарасып, ауызбіршілігімен көпшілікке үлгі болған жанұялар.

Байқау қорытындысы:I орын - Омашевтар отбасылары, II орын - Төлеуғазы отбасылары, III орын - Мәкежановтар отбасы.

Байқауға қатысып жүлде алған отбасылардың бәрі алғыс хат және бағалы сыйлықтар алды (1-орын теледидар, 2-орын кіржуғыш машина, 3-орын тозаңтқыш және қалған 5 қатысушыларға термопот тапсырылды).

Шараның мақсаты – отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңызын және отбасы мәртебесін арттыру.

Сонымен қатар, аталған байқауға Қарағанды қаласы атынан қатысқан Омашевтар отбасы облыстық «Мерейлі отбасы» конкурсындажүлделі III орынға ие болды.

Алтын құрсақты Бибігүл Смаханқызы тоғыз бала дүниеге әкелген батыр ана.

Жолдасы Аман Омашұлы 28 жыл бұрын дүниеден өткенде тоғыз баламен қалып, мектепте ұстаздық қызмет атқарып, үйдің шаруасымен айналысып, перзенттерін осы күнге жеткізген.

Бүгінде асыл әже Бибігүл апай тоғыз баладан 25 немере көріп, отбасының ғана емес, әулеттің де, ағайын-туыстын бірлігін, татулығынның ұйытқысы болып отыр.

Іс-шара соңында байқауға қатысқан отбасылар атынан Бибігүл Смаханқызы сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

«Қазақ ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ұл-қызының қайырымды, көпшіл болып өсуіне мән берген. Өсірген балаларымыз саналы болсын. Барлық отбасының бақыты арта берсін», – деді ол.

Қоғамда осындай рухани-әлеумет­тік діңгегі берік отбасылық құндылық­тарды тереңдету мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауы өт­кізіліп келеді.

Бұл – мазмұны мен тәр­биелік жағынан өзгеше іс-шара.

Яғни аға буынға «Артымда қандай ұр­пақ қалдырамын?» деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен же­тіл­­­діру­ге жетелейтін, рухани байытатын «Мерейлі отбасының» мәні тереңде жатыр.


Бұл ұлттық байқаулар ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өне­ге алатын сайыс болуымен де қоғам ал­дын­дағы құндылығы арта түспек.

Мерейлі отбасы — мықты мемлекеттің тұғыры.

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы ұлттық байқауы қоғамдағы отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттап, ұлттық тәрбиенің атадан балаға таза қалпында жетуіне титтей де болса, септігін тигізетіндігіне сеніміміз мол.


Соңғы жаңалықтар
telegram