Қарағандыда болашақ құтқарушыны ерлігі үшін марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚаазАқпарат - Қарағанды облыстық ТЖД-де Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер, сонымен қатар ерлік әрекеттер жасаған азаматтар марапатталды деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.  

Марапатталғандар қатарында - Қарағанды политехникалық колледжінің 2-ші курс студенті Никита Паршиков бар. Ол кәсіби құтқарушы мамандығын оқып жатыр. Ал осыдан үш жыл бұрын ол өрттен кішкентай інісі мен қарындасын құтқарып қалған. 

ске сала кетсек 2014 жылдың 22 қазанында жеке үйде өрт шыққан. Никита ол кезде әлі оқушы болатын, алайда ол үрейге бой бермей, екі жасар інісі мен бір жарым жастағы қарындасын оттан аман алып шықты. Оның денесін күйік шалған және ол улы газ жұтып қойған. 
Соңыра бозбала құтқарушы болуға бел буды. Колледжде Никитаны тәртіпті және жауапты студент ретінде сипаттайды. Жас жігіт спорттық және мәдени шараларға белсенді қатысады. 
Көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін Никита Паршиковқа «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі берілді.  

Соңғы жаңалықтар