Қарағандыда бойжеткен 4-қабаттан құлап кетті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде 4-қабаттағы балконнан бойжеткен құлап кетті. Ол комада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. 27 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің видеосы тарады. Кадрда дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға алып кетеді. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар