Қарағандыда бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг турниріне 330 спортшы қатысады - Құмаров

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өтетін Бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен IBJJF ережелері бойынша «Karaganda open» ашық халықаралық турниріне 330 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында Қазақстандағы Бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қарағандыда турнир 18-20 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың алғашқы күнінде, яғни 18 наурызда 9 жас пен 17 жас аралығыдағы балалар мен жасөспірімдер сайсады. Барлығы 144 бала қатысады бұл сайысқа. 19 наурыз күні грепплинг бойынша ересектер арасында өтеді. 20 наурыз күні спортшылар кимонодағы «gi» ережесі бойынша бразилиялық джиу джитсудан сайысады», - деді Төлеген Құмаров.

Сонымен қатар, ол Қарағандыдағы жарысқа Қазақстанның оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталық аймақтарындағы спортшылар қатысатынын айтты.

«Осыдан кейін, күзде Ақтөбеде еліміздің батыс аймақтарындағы спортшылар арасында турнир өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз сайыстарды өз күшімізбен ұйымдастырып келеміз. Бұл 15-ші турнир. Сайыстарға әкімдер, билік өкілдері тарапынан ең болмаса марапаттау рәсіміне келіп, спортшыларға қолдау көрсетсе деген тілегіміз бар», - деді Төлеген Құмаров. 

Соңғы жаңалықтар