Қарағандыда бюджеттен 11 млн теңге жымқырған 3 бухгалтер сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бюджет қаражатын жымқырған 3 бухгалтер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандыда бюджеттен 11 млн теңге жымқырған 3 бухгалтер сотталды

Жыл басынан бері Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті есепшілерге қатысты үш істі сотқа жолдады.

«Соның негізінде Бұқар жырау ауданы сотының үкімімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жеке карта шотына аудару арқылы жымқырып, жеке мақсатына пайдаланған аудандық мемлекеттік мекемелердің 3 бухгалтері сотталды. Мемлекетке келген залал көлемі - 11,1 млн теңге» делінген хабарламада.

Екі айыпталушы 3 жылға сотталды. Олар бұл мерзімді қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Бір сотталушы жәбірленушімен татуласып, келген 3,3 млн теңге көлеміндегі залалды толық өтегені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.