Қарағандыда «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметтердегі жетістіктері үшін жастарға берілетін «Дарын» сыйлығының иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағандыда «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

Марапаттау рәсімі Теміржолшылар мәдениет сарайында өтті. Биыл Қарағанды бойынша сыйлықтың «Жылдың жас лидері» аталымында - Біржан Иманов; «Жылдың жас оқытушысы» аталымында - Жұлдыз Рахымбаева; «Жылдың жас спортшысы» аталымында - Абылайхан Жүсіпов; «Жылдың жас дәрігері» аталымында - Гүлімай Баймұханова; «Жылдың жас журналисі» аталымында Жанбота Елубаев; «Жылдың жас жұмысшысы» аталымында - Думан Маралбай лауреат атанды.

Жеңімпаздарға 100 мың теңгенің сертификаты мен құрмет дипломдары берілді.

Шара соңында жиналған қауымға белгілі қарағандылық әнші Ерлан Көкеев әнін тарту етті.