Қарағандыда «Денсаулық фестивалі-2009» велошеруі өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда алдағы сенбіде «Денсаулық фестивалі-2009» ауқымында велошеру өтеді.

Қарағандыда «Денсаулық фестивалі-2009» велошеруі өтеді

Бұл акцияға қалада велосипед қозғалысын дамытуға тырысқан белсенді топ бастамашы болды. «Біздің мақсатымыз - ең экологиялық көлік түрі - велосипедті пайдалана отырып, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, шараны ұйымдастырушы Виталий Шуптар.